Жазылыңыз және жаңа мақалалар алыңыз. Қауымдастыққа қосылыңыз!
Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алу үшін ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз.
Жаңалықтар • сейсенбі, 3 ақпан, 2026
Қосшыда онлайн таныстық алаяқ қалыңдыққа айналды
Ақмола облысында онлайн таныстық арқылы жасалған алаяқтық оқиғасы қоғамда дүрбелең тудырды. Полиция хабарлауынша, 31 қаңтарда 28 жастағы ер адам арызданған. Оның сөзінше, азаматтық некедегі әйелі тойға дайындық пен қалыңмалды ұйымдастыруды сылтау етіп, шамамен 1,5 млн теңге көлемінде ақша мен алтын әшекей бұйымдарын алған.
Тергеу барысында арызданушының 2025 жылдың тамызында әлеуметтік желі арқылы бір қызбен танысқаны белгілі болды. Жігіт қызды ата-анасымен таныстырса да, қыз өз отбасы мен жеке өмірін жасырған. Бір жарым ай бірге тұрған соң әйел жүкті екенін айтып, ер адам тойға дайындалуға шешім қабылдаған.
Ер адамның ата-анасы жастарға пәтер сатып алу үшін 950 мың теңге берген, ал болашақ келінге 600 мың теңгеден астам алтын әшекей бұйымдарын алып берген. Алайда кейін әйел байланысқа шықпай, телефон қоңырауларына жауап бермеген. Тергеу барысында оның бұрын тұрмыста болғаны және үш баласы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта полиция алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғап, әйелді іздеуде.
Құқық қорғау органдары азаматтарды әлеуметтік желі арқылы танысу кезінде сақ болуға шақырады, әсіресе қаржылық және жеке ақпаратты бөлісу кезінде абай болу қажеттігін ескертеді.
Жазылыңыз және жаңа мақалалар алыңыз.
Қауымдастыққа қосылыңыз!
Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алу үшін ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз.